07
ақпан
2025
7 ақпан күні мектебімізде «Ынтасы төмен оқушылармен жұмыстың ұйымдастырылуы» тақырыбында қалалық семинар өтті.
7 ақпан күні мектебімізде «Ынтасы төмен оқушылармен жұмыстың ұйымдастырылуы» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинар барысында қатысушылар ынтасы төмен оқушылармен жұмыс істеудің тиімді әдіс-тәсілдерін талқылап, оларды тәжірибеде қолдану жолдарын қарастырды. Сонымен қатар, практикалық бөлімде оқушылардың білім сапасын арттыруға бағытталған «Миллион кімге бұйырады?» интеллектуалды ойыны ұсынылды. Бұл ойын оқушылардың қызығушылығын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыруға бағытталды.
Семинарға №10, 22, 32, 39, 44, 46 мектептерінен келген қонақтар қатысып, іс-тәжірибе алмасу алаңына айналды. Шара нәтижесінде ұстаздар мен мамандар ынтасы төмен оқушылармен жұмыстың жаңа әдістерін меңгеріп, өзара пікір алмасты.
Осындай маңызды іс-шаралар білім беру сапасын жетілдіруге ықпал етіп, оқушылардың оқу үрдісіне деген қызығушылығын арттыруға зор мүмкіндік беретіні сөзсіз.
[media=https://youtube.com/shorts/0ngcHiDuZg0]