Бірінші сынып оқушыларының ата-аналары 2021 жылғы 1 сәуірден бастап мектепке онлайн-өтініш бере алады » Средняя общеобразовательная школа № 11
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№11 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 31-63-02
Есепші бөлімі:
+7(7222) 31-51-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бірінші сынып оқушыларының ата-аналары 2021 жылғы 1 сәуірден бастап мектепке онлайн-өтініш бере алады
26
наурыз
2021

Бірінші сынып оқушыларының ата-аналары 2021 жылғы 1 сәуірден бастап мектепке онлайн-өтініш бере алады

Бірінші сынып оқушыларының ата-аналары 2021 жылғы 1 сәуірден бастап  мектепке онлайн-өтініш бере алады

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап облысымызда жалпы білім беретін мектептердің 1-сыныбына құжаттарды қабылдау бойынша электрондық жүйе жұмыс істей бастайды. Биылғы жазда әр ата-ана мектепке өтінішті өткен жылғыдай үйден шықпай онлайн режимде бере алады.

Аталған қызметті ата-аналар электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) www.egov.kz порталы арқылы  ала алады. Өтініштерді 24/7 режимінде беруге болады, осылайша ата-аналар жұмыстан немесе үйден мектепке онлайн режимде өтініш беру мүмкіндігіне ие болады.

Өтініш беру үшін сайтқа кіріп, қажетті ақпаратты толтырып, тиісті құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеу керек. Олар – 026/у-3 үлгісі бойынша «Баланың денсаулық құжаты»; 063/у үлгісі бойынша баланың денсаулығы жөніндегі құжат және 3х4 өлшеміндегі екі фотосурет. Құжаттар толық болмаса және скан-көшірмелерді оқу қиын болса, қызмет көрсетуден бас тарту мүмкін.

Компьютер немесе интернет болмаған жағдайда, ата-аналар жақын маңдағы мектепке барып, қызметкерлерден көмек сұрай алады.