27
наурыз
2026
2026ж. 27 наурыз күні ағылшын тілі пәні бірлестігінің кезекті отырысы өткізілді.
2026ж. 27 наурыз күні ағылшын тілі пәні бірлестігінің кезекті отырысы өткізілді. Отырысты бірлестік жетекшісі ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды.Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:1.ІІІ тоқсан бойынша оқушылардың оқу жетістіктеріне жүргізілген мониторинг нәтижелері талқыланып, білім сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар айтылды.2.Ағылшын тілі сабағында қалыптастырушы бағалаудың тиімділігі туралы Баширова Н. О. баяндама жасап, қалыптастырушы бағалаудың оқыту үдерісіндегі маңыздылығына тоқталды. 3. Педагогтің өзін-өзі дамыту тақырыбы туралы Акан Г. Д. өз тәжірибесімен бөлісіп, заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану, біліктілікті арттыру және цифрлық ресурстарды пайдалану бағытындағы жұмыстарымен таныстырды.4. Жасанды интеллекттің (ЖИ) енгізілген сабақтардың тиімділігін бағалау туралы Нұрбапаева М. А. жасанды интеллект элементтері енгізілген сабақтардың тиімділігі туралы ақпарат берді. 5. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс туралы
Ахметканова М. С. баяндама жасап, үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың маңыздылығына тоқталды. Оқушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау,қосымша тапсырмалар беру, ата-анамен байланыс орнату сияқты жұмыстардың тиімділігі айтылды. Отырыс барысында қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар қабылданып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың бағыттары белгіленді.