19.12.2025 ж. мектебіміздің 7-сынып оқушылары арасында «Жаратылыстану әлемінде» атты интеллектуалдық ойыны жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді. » Средняя общеобразовательная школа № 11
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№11 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 31-63-02
Есепші бөлімі:
+7(7222) 31-51-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 19.12.2025 ж. мектебіміздің 7-сынып оқушылары арасында «Жаратылыстану әлемінде» атты интеллектуалдық ойыны жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.
19
желтоқсан
2025

19.12.2025 ж. мектебіміздің 7-сынып оқушылары арасында «Жаратылыстану әлемінде» атты интеллектуалдық ойыны жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.

19.12.2025 ж. мектебіміздің 7-сынып оқушылары арасында «Жаратылыстану әлемінде» атты интеллектуалдық ойыны жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.
Ойынның басты мақсаты – оқушылардың жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту және алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуге үйрету.
Интеллектуалдық сайысты өткізу барысында пән мұғалімдерінің кәсіби қолдауы ерекше байқалды.
География пәні мұғалімі Касенова К.Н ойынның мазмұнды әрі тартымды өтуіне өз үлесін қосса,
биология пәні мұғалімі Карыкбаева Ә.Б. оқушылардың белсенділігін арттыратын қызықты тапсырмалар әзірледі.
Ойын барысында оқушылар тапқырлық танытып, командалық жұмыстың маңызын сезінді. Әр кезеңде білім мен жылдам ойлау қабілеті сыналып, қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетті.
Мұндай танымдық шаралар оқушылардың пәнге деген ынтасын арттырып, олардың жан-жақты дамуына үлкен ықпал етеді. Барлық қатысушыларға және ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз!

[media=https://youtube.com/shorts/X_esdr89wqg]