25 қазан Республика күні !
25 қазан Қазақстан үшін-тарихтағы маңызды күндердің бірі. Дәл осы күні 1990 жылы ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің №307-XII қаулысымен Қазақ КСР Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды. Декларация Қазақ КСР-нің егемендігін жариялады және Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздерін жариялады. Құрметті әріптестер, ата - аналар, оқушылар! Сіздерді Қазақстан Республикасының күнімен құттықтаймын! Бұл мереке еліміздің еркіндігін, қуаттылығын және гүлденуін білдіреді.