08
желтоқсан
2025
Мектебімізде оқу үлгерімі төмен оқушыларды қолдау мақсатында "Қарапайым қадамдар" апталғы басталды.
Мектебімізде оқу үлгерімі төмен оқушыларды қолдау мақсатында "Қарапайым қадамдар" апталғы басталды. Бүгінгі "Дүйсенбі- Түсіну күні" бірінші қадамында 8-11 сынып оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өз білімдерін сынап көрді. Іс-шараның мақсаты: оқу ынтасын арттыру; түсіну, тыңдау дағдыларын дамыту; өзін-өзі бағалау және жағымды әсер тудыру; психологиялық қолдау. Оқушылар түрлі деңгейлі интерактивті тапсырмалар орындады. 8-сынып оқушылары тест тапсырмаларын, 9-сынып оқушылары арасында "Қызықты қазақ тілі" интеллектуалды сайыс жүргізілді. 10-сынып оқушылары Learningapps.com мультимедиялық сайтта мәтін бойынша тестті орындап және "Зейінді жаттықтыру" ойынын ойнады. Оқушылар белсенді қатысып, "Кедергілер мен "Мүмкіндіктер" тренингі жүргізілді. "Білім бәйтерегіне" тапсырмалар орындау барысындағы жетістіктерін жазып, рефлексия жасады.
[media=https://youtube.com/shorts/Y5a4eHgmblc]
[media=https://youtube.com/shorts/Y5a4eHgmblc]